420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда антисептикті заңсыз сатушылар ұсталды

  • 441
  • UPD: 10:00, 27.03.2020
Қостанайда антисептикті заңсыз сатушылар ұсталды

Қостанайда антисептикалық заттар заңсыз сатылған. Экономикалық тергеу департаментінің мамандары осындай екі фактіні әшкереледі. Облыс орталығының тұрғындары залалсыздандыру өнімдерін интернет арқылы өткізген. Олар ақпаратты жарнама сайттарында жария еткен.

Бұдан бөлек кәсіпкер ретінде еш жерде тіркеуде тұрмаған. Сатушылардан құны 195 мың теңге болатын жалпы көлемі 250 литр антисептик тәркіленді. Заң бұзғандар енді әкімшілік жазаға тартылады. 

Армат Қыдырниязов, облыстық экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы:

– Олар мына біздің келіскен бір орынға әкелді сату үшін әрі қарай. Аталған фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Тіркелген 200 литрлік антисептикалық өнім Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасына берілді.

Хабар 24 телеарнасы