435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда тұрғыны үйінде той өткізгені үшін жауапқа тартылды

  • 114
  • UPD: 10:20, 27.03.2020
Қызылорда тұрғыны үйінде той өткізгені үшін жауапқа тартылды

Қызылорда қаласында коронавирустан сақтану шаралары дыбыс күшейткіш құралдары арқылы хабарланды.

Ол үшін қалалық төтенше жағдайлар басқармасының арнайы жабдықталған автокөліктері пайдаланылды. Олар халық көп шоғырланатын орындарда санитарлық тазалық пен төтенше жағдай кезіндегі жауапкершілік туралы түсіндірді. Сондай-ақ волонтер жастар базарлар мен вокзалдарда тегін медициналық бетперде таратты. Бұл шаралар елімізде төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан кейбір азаматтардың жауапкершілікті сезінбеуінен қолға алынып отыр. 

Мира Қазыбекова, қала әкімінің орынбасары:

- Бүгін мына төтенше жағдай жарияланған күннен бастап 19 хаттама толтырылған болатын. Оның ішінде 1 тұрғын үйінде той өткізгені үшін жауапқа тартылды. Қалғаны кафе, ресторандардың жұмысын бекітілген уақыттан тыс жүргізігені жөнінде және 1 тұрғын заң талаптарына бағынбағандықтан 5 тәулікке қамалып отыр.

Хабар 24 телеарнасы