427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қордайдағы қақтығыс: 3 адам сотталып, 7 адам қамауға алынды

  • 676
  • UPD: 22:06, 27.03.2020

Ақпан айында Жамбыл облысының Қордай ауданында болған жағдай бойынша жүргізіліп жатқан тергеу амалдарының бүгін алдын ала қорытындысы жарияланды.

Тұрмыстық қақтығыстың жаппай бүлікке ұласуына жол берген 3 адам 18 наурызда кінәлі деп танылып, бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сол жағдайды пайдаланып, әлеуметтік желі арқылы жағымсыз хабарлама жіберген және ұлтаралық алауыздық насихаттаған 25 адам бүгін арнайы операция кезінде қолға түсті. Оның жетеуі бұрын сотталған.

Еске сала кеткен жөн, 5 ақпанда басталған қайғылы жағдай салдарынан 11 адам қаза болды. 192 адам зардап шекті. 103 үй мен 67 автокөлік зақымданды. 63 үй мен 55 көлік отқа оранды.

Хабар 24 телеарнасы