430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус: байланыста болғандар туралы ақпаратты жасырғанға қатысты іс қозғалды

  • 363
  • UPD: 14:51, 28.03.2020
Коронавирус: байланыста болғандар туралы ақпаратты жасырғанға қатысты іс қозғалды

Коронавирус: Ақпарат беруден бас тартқан адамға қатысты іс қозғалды.

Нұр-Сұлтан қаласы Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау департаментінің басшысы Зекен Исаков коронавирустың таралу қаупін азайту үшін қабылданған шаралар қабылданып жатқаны туралы баяндады:

«Департамент мамандары ауру жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандарды анықтауға қатысты барлық шараны қабылдауда. Байланыста болған адамдар туралы мәлімет беруден бас тартқан жағдай тіркелді. Ол туралы материал қалалық полиция департаментіне жіберіліп, қылмыстық іс қозғалды», - дейді Зекен Исаков "Хабар 24" арнасында өткен онлайн брифингте.

Исаковтың айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласына келген адамдар стационарда бір тәулік карантинде ұсталып, коронавирус жұқтырған-жұқтырмағаны зертханалық жағдайда анықталуда.

«Нәтижесі шыққан соң кімнің стационарлық жағдайда бола тұруы керек екені және кім 13 тәулік бойы үй жағдайындағы карантинде болуы керек екені анықталады. Елордаға келгендер арасында тұмау белгісі, дене қызуы көтеріліп тұрған адамдар жоқ».

Хабар 24 телеарнасы