418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында емхана қызметкері коронавирус жұқтырды

  • 686
  • UPD: 19:58, 29.03.2020
Қызылорда облысында емхана қызметкері коронавирус жұқтырды

Қызылорда облысында да медбике короновирус жұқтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол кеше осы өңірде анықталған науқасқа медициналық бақылау жүргізген «Сенім» емханасының қызметкері. Қазір облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында тиісті ем қабылдап жатыр. Жағдайы қалыпты. Мамандар вирус шыққан ошақты дезинфекциялап, науқаспен байланыста болғандарды анықтауға кірісті. Сондай-ақ Қызылордада коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы науқаспен қарым-қатынаста болған 69 адам анықталып, бақылауға алынды.

Әлия Әбдіқайымова, облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау дб орынбасары:

- Сол 69 адамның ішінен өкінішке орай, бүгін бір азамташадан коронавирус инфекциясына зертханалық зерттеу нәтижесінде оң нәтиже беріп отыр. Бұл оң нәтиже беруіне байланысты бүгін таңғы 05:00-ден бастап қай уақытта анықталды, сол уақыттан бері жұмыс жасап жатырмыз. Ошақта 2 бригада жұмыс істеді. Біреуі дезбригада ошақтың зақымдалу шеңберіне байланысты барлық тиісті жерлерге қорытынды зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Хабар 24 телеарнасы