414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда көлік карантин үшін қойылған блок-бекетке соғылды

  • 163
  • UPD: 11:51, 31.03.2020
Оралда көлік карантин үшін қойылған блок-бекетке соғылды

Оралда автокөлік блокбекетке соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 30 наурыз күні кешкісін Зачаган кентінде болды. «ВАЗ-2115» автокөлігі қаланың шетінде орнатылған блок-бекетке соғылды.

БҚО полиция департаментінің мәлімдеуінше, блок-бекетте тұрған полиция қызметкерлерінің ескертуіне қарамастан автокөлік блокты соғып кеткен. Жүргізуші сау, ешкім зардап шеккен жоқ.

«Жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 610-бабына сәйкес (айыппұл салу) хаттама толтырылды», делінген хабарламада.

Батыс Қазақстан облысында бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес коронавирус таралуына тосқауыл қою мақсатында 31 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізілді. Осыған орай облыс бойынша 90, соның ішінде Орал қаласында 8 блок-бекет орнатылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 92 адам карантинде жатқаны хабарланды. Сондай-ақ карантиннен қашқан адамға айыппұл салынды. Сонымен қатар шектеу шаралары күшейтілді.

Хабар 24 телеарнасы