421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада бүлдіршін терезеден құлап кетті

  • 319
  • UPD: 18:07, 03.04.2020
Елордада бүлдіршін терезеден құлап кетті sputniknews.kz

Нұр-Сұлтан қаласында Петров көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде төртінші қабаттың терезесінен ересек адамдардың қарауынсыз қалған 2015 жылы туған бала кіреберістің маңдайшасына құлап кеткен.

Абырай болғанда, бала аман қалды. Түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа ауыр дәрежеде.

ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті осындай жазатайым оқиғалардың  алдын алу үшін азаматтардан мыналарды сұрайды:

- кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз;

- москит торына сенбеңізі. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;

- желдету кезінде баланың сіздің көз алдыңызда екеніне көз жеткізіңіз;

- барлық жиһазды, кереуеттерді, терезеден алшақ қойыңыз. Бұл баланың терезе алдына кездейсоқ мінуінің алдын алуға көмектеседі.

Ақпарат көзі: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы