413,26 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда фельдшерді сабаған адам қамауға алынды

  • 333
  • UPD: 23:37, 04.04.2020
Алматыда фельдшерді сабаған адам қамауға алынды inform.kz

Алматыда медициналық көмек көрсетуге келген фельдшерді ұрған адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жедел жәрдем қызметіне «терезені сындырып, қолын кесіп алған мас адамға көмек керек» деген хабарлама келген.

Оқиға орнына жеткен фельдшер Ақкент шағын ауданының 35 жастағы тұрғынының қолын қарап жатқанда ер адам ашуланып, оны бетінен ұрған.

Бұзақы ҚР ӘқбК 73-бабының 1-бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгін ауданаралық әкімшілік сот оны 5 тәулікке қамау туралы үкім шығарды.

Қазір Түрксіб ауданы сотында осыған ұқсас іс қаралып жатыр.

Мұнда да мас адам көмек көрсетуге келген медициналық қызметкерді соққыға жыққан.

Басынан жарақат алған дәрігер ауруханаға жатқызылды.

Хабар 24 телеарнасы