411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда блок-бекетті айналып өтпек болған жүргізушіні қуған сәттің видеосы жарияланды

  • 623
  • UPD: 11:08, 06.04.2020

Батыс Қазақстан облысында полицейлер блокбекетті айналып өтпек болған Toyota Camry жүргізушісінің соңынан қуған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Дереккөз мәліметінше, бұл оқиға 5 сәуірде сағат 04:50-де болған. 1991 жылғы ер адам блок-бекетті айналып өтпек болып, Оралдан Атырауға кірмек болған кезде полицейлерге қарсылық көрсеткен.

Содан полицейлер оның соңынан қуа бастаған. Ер адамда жүргізуші куәлігі де болмағаны анықталды.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама холтырылды. Бұл бап бойынша жүргізуші 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттеледі немесе 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.

Сондай-ақ оның ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны айтылады.

Бұдан бөлек жүргізуші карантин режимін бұзғаны үшін де жауапкершілікке тартылған.

Хабар 24 телеарнасы