411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде өрттен бір адам қаза тапты

  • 106
  • UPD: 15:14, 07.04.2020
Семейде өрттен бір адам қаза тапты

Семей қаласында көп қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірін тілсіз жау шарпыды.

Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, 6 сәуір күні Әуезов даңғылындағы төрт қабатты тұрғын үйде өрт шыққан. Оқиға орнына аттанған №13 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері отқа оранған бірінші қабаттағы пәтерге бет алады.

«Пәтер ішіндегі ағаш еден, жиһаздар, терезе мен есікті қызыл жалын шарпыған. Қызыл жалын жалпы аумағы 30 шаршы метрді жалмаған. Төргі бөлмеде иіс тиіп есінен айырылған 1961 жылғы үй иесі табылды. Өрт сөндірушілер медицина қызметкерлері келгенше оған алғашқы көмек көрсеткен. Алайда әйел ауруханаға жетпей, жедел жәрдем көлігінде қаза болды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы