420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда қатты желден үйлердің шатыры ұшып, бірнеше аялдама құлады

  • 303
  • UPD: 23:00, 07.04.2020

Көкшетауда екі кештің арасында жел ұйытқып, көп қабатты үйлердің шатырын ұшырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нақты қанша ғимаратқа зиян келгені әзірге белгісіз. Дегенмен, әлеуметтік желіде тараған көріністерден шамамен он шақты үйге зақым келгенін көруге болады. Бұдан бөлек, көшедегі көрнекіліктер жаппай ұшып, бірнеше аялдама қираған. Көптеген шағын аудандарда жарық сөніп қалған. Кейінгі ақпарат бойынша бір мекеменің күзетшісі опат болған. Ал, метеоролгтар екпінді желдің ертең де басылмайтынын айтады.

Хабар 24 телеарнасы