411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде көп қабатты үйден өрт шығып, бір адам көз жұмды

  • 124
  • UPD: 22:08, 07.04.2020
Семейде көп қабатты үйден өрт шығып, бір адам көз жұмды

Семейдегі көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әуезов даңғылының бойындағы 4 қабатты үй өртеніп жатқаны туралы куәгерлер хабарлаған. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар жалын шарпыған бірінші қабаттағы пәтерден 58 жастағы әйелді шала жансар күйінде тауып алады. Алайда, жедел жәрдем көлігі ауруханаға апарғанша жан тапсырған. 34 жастағы екінші тұрғын терезеден шығып аман қалыпты. Барлығы 9 адам қауіпсіз жерге шығарылған, оның екеуі бала.

Хабар 24 телеарнасы