427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бурабай ауданында дауыл соғып, бір адам көз жұмды

  • 441
  • UPD: 23:31, 07.04.2020
Бурабай ауданында дауыл соғып, бір адам көз жұмды

Көкшетауда екі кештің арасында дауыл тұрып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы жағдайды Төтенше жағдайлар комитеті растады. Мамандардың айтуынша, Ұрымқай ауылында желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жеткен. Сөйтіп, көлік тұрағының ұшқан шатыры 40 жастағы күзетшіні басып қалған.

Рустамбек Әмрин, ҚР ІІМ ТЖК Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының орынбасары:

- Сағат кешкі 20:00 шамасында Бурабай ауданы Ұрымқай ауылында 1980 жылы дүниеге келген күзетшінің қайтыс болғындығы туралы мәлімет келіп түсті. Қазір мамандар оқиға орнында жүр.

Көкшетауда дауыл 2 тұрғын үй мен 2 әкімшілік ғимаратының шатырын ұшырып әкетті. Он аялдама мен жарнама тұғырлары қираған. Бірқатар ауданда электр желілері үзілді. Қазір мамандар қаладағы ахуалды реттеуге күш салып жатыр. Қайта қалпына келтіру жұмыстарына 200 адам мен 11 арнайы техника жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы