414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да дүлей дауылдан екі адам жарақат алды

  • 125
СҚО-да дүлей дауылдан екі адам жарақат алды

Солтүстік Қазақстанда дүлей дауылдан екі адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар қазір тиісті ем-дом қабылдауда. Кеше кешкісін аймақтың Айыртау, Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов, Тайынша, Ақжар және Аққайың аудандарында жиын саны 24 ғимараттың шатырын ұйытқыған жел ұшырып әкеткен. Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау мекемелері мен тұрғын үйлер бар. Қазір шығын көлемін анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды. 

Рамиль Қамалов, облыстық ТЖД басшысы:

– Тимирязев ауданына қарасты Комсомольское елді мекенінде түңгі сағат екі кезінде желдің жылдамдығы секундына 30 метрден асты. Дауыл ауылдағы дүкеннің шатырын жұлып әкеткен. Салдарынан 1977 және 1989 жылдары туған екі адам жарақат алды. Олар бүгінде аудандық аурухаға жатқызылып, ем қабылдап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы