411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

  • 123
  • UPD: 11:55, 09.04.2020
Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

8 сәуірде сағат 22:40-та Қостанай – Қарабұтақ автожолының 118 шақырымында жол апаты болды.

«ВАЗ 21093» көлігін тізгіндеген 51 жастағы жүргізуші әйел рөлді басқара алмай қалып, қарсы бетте келе жатқан «ВАЗ 21099» көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды kstnews.kz.

Салдарынан «ВАЗ 21099» көлігін айдап келе жатқан 53 жастағы ер адам мен 60 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында қаза тапқан.

Жүргізуші әйел мен тағы төрт жолаушы әртүрлі деңгейдегі жарақаттармен Лисаковскідегі орталық ауруханаға жеткізілген.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы