418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теміртауда бес жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

  • 242
  • UPD: 13:11, 09.04.2020
Теміртауда бес жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

Теміртауда көп қабатты үйдің төртінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен бес жасар бала құлап кетті. Баланың жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

8 сәуір күні таңғы сағат 8-де Теміртау қаласында 2015 жылы туған бала 4-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Ол ауруханаға жеткізілді.

«Пациент келіп түскен сәттен бастап жағдайы ауыр, тұрақты. Хирург, травматолог және реаниматолог қарап шықты. Бас сүйек-ми жарақатын алған, самай сүйегі соғылып, сынған. Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көп бейінді ауруханаға ауыстырылды», - деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Ересектер мен ата-аналардың балаларды бақылаусыз, қараусыз қалдыруы олардың жарақат алуы мен өліміне әкеп соқтырады деп ескертеді Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті. Ведомство тағы да қауіпсіздік шаралары туралы еске салады және ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы