412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда КамАЗ бен пойыз соқтығысты

  • 213
  • UPD: 12:46, 10.04.2020
Ақтауда КамАЗ бен пойыз соқтығысты

Бүгін, 10 сәуірде таңғы сағат 09:00 шамасында Ақтаудың өндірістік аймағында КамАЗ мен жүк пойызының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

«КамАЗ жүргізушісі жақындап келе жатқан пойызды байқамаған. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-бабына сәйкес әкімшілік хаттама жасалды. Материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданады», - деп хабарлады аймақтық полицияның баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы