399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында тұтас ауылды қызыл су шайып кетті

  • 212
Қостанай облысында тұтас ауылды қызыл су шайып кетті

Бұған кенеттен ауа райының бұзылуы себеп. 30 метрге дейін күшейген желдің жылдамдығынан Түнтүгір өзенінде су толқыны туындап, Қарамырза ауылына қарай ойысқан.

Тасқын елді мекенге жайылып, 60 шақты үй ауласын басып қалған. Оқыс оқиға үш күн бұрын болыпты. Жергілікті билік бұл ақпаратты БАҚ өкілдеріне бүгін ғана хабарлап отыр. Осыған дейін не облыс әкімдігі, не Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның мән-жайы туралы ауыз ашпаған. Қазір су баспаналардан толық айдалды. Дегенмен әлі де ауыл іші аяқ алып жүргісіз, астаң-кестен дейді тұрғындар. Айта кету керек, Қарамырза ауылында 170 үй түтін түтетіп отыр. Тасқын кезінде 193 адам қауіпсіз жерге көшірілген екен. 

Виталий Маличенко, Қарамырза ауылының тұрғыны:

– Судың көп болғандығы сонша, биіктігі жарты метрге дейін жетті. Етікпен әрең жүрдік. Өзім ауылдың шетінде тұрамын. Тасқын азабын негізінен сол аумақтағылар көрді. Су үйде шамамен 10 сағаттай тұрды. Келтірілген зардапты әлі есептеген жоқпын.

Талғат Кәкімов, облыстық ТЖД бастығы:

– Су тасқынының зардабын жою және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ауылдағы су мотопомпалар көмегімен толық айдалды. Өзендегі су мөлшерінің төмендеді. Тұрғындар өз үйлеріне оралды. Тасқыннан келтірілген шығын үшін оларға 138 мың теңге бөлінеді.

Хабар 24 телеарнасы