432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда үй өртеніп, екі адам қаза тапты

  • 267
  • UPD: 10:07, 13.04.2020
Алматыда үй өртеніп, екі адам қаза тапты

Алматыда мекеменшік үй өртеніп, салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлады inAlmaty.kz Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Медеу ауданындағы Сазановская көшесі 68 мекенжайында болған. 12 сәуір күні 21:08-де басқару пультіне өрт туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына бес минуттан кейін барғанда үйдің солтүстік бөлігі жалындап жанып жатқан.

«Оқиға орнынан 1998 жылғы ер адам мен 1989 жылғы әйел адам табылды. Олар дереу жедел жәрдем тобына жеткізілді. Көрсетілген реанимациялық көмектерге қарамастан зардап шеккендер аман қалмады», - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Тілсіз жау 26 минут ішінде ауыздықталды. Өртті сөндіруге төрт арнайы техника мен 21 өрт сөндіруші жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы