423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ветеринарлық препараттарды жеткізуші блокпосттардан адам өткізген

  • 222
  • UPD: 13:19, 13.04.2020
Ветеринарлық препараттарды жеткізуші блокпосттардан адам өткізген

Ақмола облысында блокпост арқылы заңсыз адам тасымалдап жүрген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 12 сәуірде полиция қызметкерлері кезекшілік кезінде «Степногор-Ақкөл» тас жолындағы №1 блокпостта «Mersedes Benz – 300E» көлігін тоқтатқан.

Белгілі болғандай, заң бұзушыға «Өнеркәсіптік биосинтездің ғылыми-зерттеу институты» ЖШС тарапынан облыс орталығына, сондай-ақ Ақмола облысының аудандары мен қалаларына кіріп шығуға рұқсат берілген. Рұқсат құжатында жүргізушінің ветеринарлық препараттарды жеткізіп берумен айналысады деп көрсетілген. Бірақ тәртіп сақшылары оның «Indriver» мобильдік қосымшасы арқылы тапсырыс қабылдап, заңсыз адамдарды тасымалдаумен айналысқанын анықтады.

Жүргізуші барлығы 4 адамды тасымалдап үлгірген. Әрбір рейс үшін 20 мың сұраған. «Заң бұзушының үстінен ҚР ӘҚбК 476-бабының 1-бөлігі (төтенше жағдай режимін бұзу) және ҚР ӘҚбК 463-бабының 1-бөлігі (кәсіпкерлік қызметпен айналысу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды»,- дейді ведомстводан.

Хабар 24 телеарнасы