399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында лай көшкіні жүрді

  • 133
  • UPD: 18:46, 14.04.2020
Түркістан облысында лай көшкіні жүрді

Түркістан облысында жауын-шашынның көп түсуіне байланысты лай көшкіні болды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК.

«13 сәуір күні кешке Түркістан облысының Төле би ауданы Жаңа жол елді мекенінен 500-600 метр жерде жауын-шашынның көп түсуінен көлемі 2000-2200 м3, ұзындығы 120 метр, ені 17 метр, орташа тереңдігі 1 метр болатын лай көшкіні жүрді. Саз массасы елді мекенге қарсы бетке қарай жылжыған. Зардап шеккендер мен елді мекендерге қауіп жоқ. «Қазселденқорғау» ММ ТЖК тәулік бойы мониторинг жасап жатыр», - делінген хабарламада.

Су тасқыны және көшкін жүру қаупі жоғары кезде тұрғындарды хабардар ету және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы