425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда теңізге шыққан шетелдік браконьерлер ұсталды

  • 385
  • UPD: 23:31, 15.04.2020
Ақтауда теңізге шыққан шетелдік браконьерлер ұсталды

Ақтаулық теңіз сақшылары ел аумағына кірген әзербайжандық браконьерлерді қолға түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тінту кезінде қайықтан ау, қармақ, тіпті қол гранатасы табылған. Күдікті су көлігін жауынгерлік экипаж таңертеңгі сағат 8-дер шамасында көріп қалған. Қарулы топ қашып құтылмақ болған екен. Бірақ теңізшілер алысқа ұзатпаған. Қазір браконьерлер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы