425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысындағы ұшақ апатында екі сарбаз жарақат алған

  • 352
  • UPD: 23:08, 16.04.2020
Қарағанды облысындағы ұшақ апатында екі сарбаз жарақат алған

Қарағандыға жақын аумақта МИГ-31 әскери ұшағы құлағанын жоғарыда айттық.

Кейінгі түскен мәліметтер бойынша ұшақта болған екі сарбаз жарақат алған.

Айта кетейік, оқиға аэродромға таяу маңда болған. Қазақстан әуе күшетеріне тиесілі әуе техникасы жауынгерлік кезекшілікке әзірлікті пысықтау мақсатында ұшып шыққан екен. Ұшақтың өзі елді мекеннен аулақ ашық далаға құлаған. Мән-жайды арнайы комиссия анықтайды.

Ержан Нұрлыбаев, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Ауруханаға жеткізілгендердің жағдайы жалпы тұрақты. Қатты зардап шекпеген. Әрине, жарақаттары бар. Миы шайқалған. Денелерін аздап күйік шалған. Тиісті тексерістер жүргізілді. Қазір емдеу шаралары жасалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы