418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да қолдан антисептик жасаған кәсіпкер ұсталды

  • 240
  • UPD: 22:52, 16.04.2020
СҚО-да қолдан антисептик жасаған кәсіпкер ұсталды

Солтүстікқазақстандық кәсіпкер қолдан антисептик жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны Экономикалық тергеу департаментінің мамандары арнайы жедел-ізтестіру шарасы кезінде қолға түсірді. Жеке секторда тұратын азаматтың гаражын тінту барысында 3 тоннаға жуық спирт, 463 маска және антисептиктің жапсырмалары тәркіленді.

Виктория Пивоварова, облыстық экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы:

- Бұл фактіге қатысты ҚР ҚК 214-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оған екі мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, 600 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады. Не болмаса, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылып, дүние-мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы