429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды маңындағы ұшақ апаты: ұшқыштардың жағдайы белгілі болды

  • 351
  • UPD: 23:32, 16.04.2020
Қарағанды маңындағы ұшақ апаты: ұшқыштардың жағдайы белгілі болды

Қарағандыға жақын аумақта МИГ-31 әскери ұшағы құлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейінгі түскен мәліметтер бойынша ұшқыштар аман. Бірақ екеуі де жараланған. Олар санавиация арқылы Қарағандыдағы профессор Хафиз Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, өмірлеріне аса қауіп төніп тұрған жоқ.

Ержан Нұрлыбаев, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Ауруханаға жеткізілгендердің жағдайы жалпы тұрақты. Қатты зардап шекпеген. Әрине, жарақаттары бар. Миы шайқалған. Денелерін аздап күйік шалған. Тиісті тексерістер жүргізілді. Қазір емдеу шаралары жасалып жатыр.

Айта кетейік, оқиға аэродромға таяу маңда болған. Қазақстан әуе күштеріне тиесілі бұл техника жауынгерлік кезекшілікке дайындықты пысықтау үшін ұшып шыққан екен. Ұшақтың өзі елді мекеннен аулақ ашық далаға құлаған. Мән-жайды арнайы құрылған комиссия анықтайды.

Хабар 24 телеарнасы