429,68 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда тоғыз қабатты жатақханадан өрт шықты

  • 734
  • UPD: 09:41, 17.04.2020
Оралда тоғыз қабатты жатақханадан өрт шықты

Орал қаласының өртке қарсы қызметіне 16 сәуір күні сағат 22:28-де Еуразия даңғылындағы тоғыз қабатты жатақханада өрт болып жатқаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер тілсіз жаудың алтыншы қабаттағы пәтерден шыққанын анықтады.

80 шаршы метр аумақты қамтыған өрт 23:05 минутта ауыздықталды. 119 адам эвакуацияланды, оның ішінде 43 бала бар. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жаудың шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінен 32 адам мен 9 техника жұмылдырылды.

Жатақхана қоршауға алынды.

Хабар 24 телеарнасы