420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шекарада сирек өсімдіктерді теріп жүрген Қазақстанның екі азаматы ұсталды

  • 350
  • UPD: 17:29, 21.04.2020
Шекарада сирек өсімдіктерді теріп жүрген Қазақстанның екі азаматы ұсталды

Алматы облысында 2020 жылғы 13 сәуірде шекаралық режимді бұзған Қазақстан Республикасының екі азаматы ұсталды.

Көрсетілген адамдар сирек кездесетін өсімдіктерді жинаумен айналысқан. Оларды тексеру барысында өсімдіктерді қазу құралдары мен 2,5 кг-нан астам «сұрғылт түсті сепкілгүл» тамырлары табылды.

Қазіргі уақытта уәкілетті органдар алынған тамырларға сараптама жасауда. Өсімдіктің түрі расталған жағдайда құқық бұзушылар ҚР ҚК 339-бабы «Сирек кездесетін және жоғалып кетуге жақын, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөлшектері мен өнімдерін заңсыз алу» бойынша жауапкершілікке тартылады.

Хабар 24 телеарнасы