432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус күдігімен ауруханаға түскен адам терезеден секіріп, қаза тапты

  • 363
  • UPD: 16:12, 23.04.2020
Коронавирус күдігімен ауруханаға түскен адам терезеден секіріп, қаза тапты

Жамбыл облысында провизорлық стационарда жатқан адамның әрекеті оны қайғылы жағдайға ұшыратты, деп хабарлайды Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

21 сәуір күні провизорлық стационарға жедел респираторлы ауру, коронавирус инфекциясы күдігімен мас күйіндегі науқас түсті. Ер адамды «Ауыл-Береке» базарының маңында ес-түссіз және мас күйінде жатқан жерінен жедел жәрдем тобы емханаға жеткізген. Темпаратурасы 38 градусқа дейін көтерілген азаматтан КВИ инфекциясына қан талдауы алынып, науқас ауруханаға жатқызылды, қажетті ем-шара жасалды.

Сонымен қатар оның наркологиялық есепте тұрғаны, ішімдікке әуес екені және бұрын сотталғаны анықталды. 22 сәуір күні таңертең оянған ер адам ашулы болды. Палатада медбике мен санитарды итеріп жіберіп, медициналық мекемеден қашуға әрекет жасайды. Ол екінші қабат терезесінің жақтауына шыққан кезде абайсызда асфальтқа құлап кеткен. Реанимациялық әрекеттер көмектеспеді, науқас көз жұмды. Медицина мекемесінің хабарлауынша, коронавирус инфекциясына тапсырылған қан талдауы теріс нәтиже көрсеткен.

Хабар 24 телеарнасы