430,73 519.25 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Туған күн тойлауға жиналған топтан бес қару тәркіленді - ІІМ

  • 546
  • UPD: 19:16, 23.04.2020
Туған күн тойлауға жиналған топтан бес қару тәркіленді - ІІМ

Алматы облысында туған күнді мылтықпен атап өтпек болған 19 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Криминалдық полиция департаментінің мәліметінше, Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлері «Ақсу ауданында қаруы бар бір топ адам жиналады» деген жедел ақпарат алған. Сол жерге жедел тергеу тобы мен полицияның арнайы бөліністерінің қызметкерлері аттанады.

«Қапал ауылының шетінде орналасқан Кіші Шымбұлақ елді мекенінде 5 автомашинамен келген 19 адам ұсталды. Олар мәнерлеп сырғанаушының бірінің туған күнін мерекелеу үшін жиналған. Облыс орталығының тұрғындарына тиесілі «Тойота Камри 50» және «Лексус 330» маркалы автокөліктерді тексеру кезінде 4 травматикалық тапанша, 1 атыс қаруы және 43 патрон тәркіленді» делінген хабарламада.

Қару мен оқдәріні заңсыз сақтау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

«Төтенше жағдай кезінде карантин режимін бұзғаны үшін 19 адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша сот қарауында жіберілді» делінген хабарламада. Ұсталған 4 адамнан атыс қаруы алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Хабар 24 телеарнасы