427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда әйелін пышақтап өлтірген адам ұсталды

  • 328
  • UPD: 12:46, 29.04.2020
Нұр-Сұлтанда әйелін пышақтап өлтірген адам ұсталды

Полиция қызметкерлері әйелін өлтірген ер адамды ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

28 сәуір сағат 14:31-де «102» номеріне Тәуелсіздік көшесіндегі тұрғын үйлердің сатысында пышақталған әйелдің денесі жатқаны туралы хабарланды.

1982 жылғы Белоус Надежда қалалық ауруханаға жеткізіліп, сағат 16:10-да алған жарақатынан қайтыс болды. Полиция қызметкерлері әйелдің күйеуі 1992 жылы дүниеге келген Белоус Ростиславты ізін суытпай ұстады.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті азамат уақытша қамалды.

«Қылмысқа ерлі-зайыптылар арасындағы қызғаныш себеп болған. Бұл жұп 2017 жылы үйленген, бірақ 2020 жылдың басынан бері бірге тұрмаған. Екеуі әйелдің бірінші некесінен туған 2011 жылғы бала мен 2018 жылы дүниеге келген ортақ баланы тәрбиелеген. Қазіргі кезде кәмелет жасына толмаған балалар марқұм болған әйелдің әпкесінің қолында» делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы