420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында жасөспірім суға кетті

  • 289
  • UPD: 17:16, 29.04.2020
Түркістан облысында жасөспірім суға кетті

Түркістан облысында шомылу маусымы басталмай жатып, 6 адам суға батқан. Қаза тапқандардың төртеуі кәмелет жасына толмағандар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 23 сәуір күні Келес ауданына қарасты Бозай ауыл округінде қайғылы жағдай болған.

15 жастағы жасөспірім Сырдария өзеніне шомылып, суға батып кеткен. Баланың мәйітін судан ауыл тұрғындары шығарып алды.

«Суық суда шомылғанда баланың ағзасы тоңып, денесі құрысып қалады, мұның соңы қайғылы оқиғаларға апарып соқтырады. Сондықтан төтенше жағдай кезінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға үйлерінде болу керектігін ескертеміз»,- дейді облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы К.Қарабалаев.

Хабар 24 телеарнасы