420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында саяжай маусымы ашылғалы өрт көбейді

  • 356
Қарағанды облысында саяжай маусымы ашылғалы өрт көбейді

Қарағанды облысында саяжай маусымы кеше ғана ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ осы уақыт аралығында 6 бірдей өрт оқиғасы тіркелді. Оттың шығу себебі қоқыстарды тазалау және егіс жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамаудан болған екен. Тілсіз жау 80 гектар аумақты күлге айналдырған. 

Біржан Кәрімов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

– Өрттің себептері – темекі қалдықтарының тасталуы, сөндірілмеген от және басқа да от көздері. Алауды жағу және қалдықтарды өртеу ғимараттар мен құрылыстардан 50 метр қашықтықта жүзеге асырылуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы