470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қалаларды «гастрольдік сапармен» аралайтын алаяқ қолға түсті

  • 592
  • UPD: 11:56, 30.04.2020
Қалаларды «гастрольдік сапармен» аралайтын алаяқ қолға түсті

Алматы облысы Қаратал ауданының полицейлері Қазақстанның бірнеше облысы мемлекетаралық іздеуге азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылдың 28 желтоқсанында Қарағанды облысының Оңтүстік-шығыс полиция бөлімі Үштөбе қаласының 25 жастағы тумасына бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін іздеу жариялаған. Күдікті қаладан қашып, өзінің криминалды іздерін қалдыра отырып алаяқтық «гастрольдерін» әрі қарай жалғастыра берген. Осылайша азамат сегіз қылмыс бойынша Қазақстанның алты аймағында құқық қорғау органдарына танымал болған. Олардың қатарында Алматы қаласының Алмалы, Бостандық, Медеу аудандары, Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр және Алматы аудандары, сонымен қатар Ақмола, Павлодар және Алматы облыстары бар.

«Келіп түскен ақпаратты тексере отырып, біз күдіктіні құрықтадық. Іздеудегі азаматқа бірнеше сот тұтқындауға санкция бергені ескеріле отырып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді оның айдауылмен қылмыс жасады деп күдіктелген жерлерге «гастрольдерін» жалғастыруына тура келеді», - деді Қаратал АПБ криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі полиция капитаны А. Б. Асылханов.

Хабар 24 телеарнасы