414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда көп қабатты үйдегі өрттен 26 адам құтқарылды

  • 363
  • UPD: 18:11, 30.04.2020
Қарағандыда көп қабатты үйдегі өрттен 26 адам құтқарылды

Қарағандыда өрттен 26 адам құтқарылып, 10 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

30 сәуірде сағат 05:23-те Қарағанды қ. Ерубаев көшесі 48/1 үй мекен-жайында орналасқан бес қабатты үйдің кіреберісінде түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өртке №10 өрт сөндіру бөлімінің күштері жіберілді. Аталған мекен-жайдан түскен көптеген қоңырауларға байланысты өрт орнына қосымша №13 өрт сөндіру бөлімінің күштері жіберілді.

Оқиға орнына сағат 05:28-де келіп жеткен өрт сөндіру бөлімшелері кіреберістің бірінде қатты түтіндеу болып жатты, жану ошағы бірінші қабатта орналасқан пәтерде болған, 25 шаршы метр аумақта жиһаз бен заттар жанған. Қатты түтіннің салдарынан жоғарғы қабаттарда орналасқан пәтер тұрғындарының өміріне қауіп төніп тұрды. Адамдар өз бетінше пәтерлерден шыға алмағандықтан құтқарушылар жұмысқа кірісті.

Пәтерлерден барлығы 26 адам, оның ішінде 12 бала құтқарылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары құтқару қалпақтарының көмегімен құтқару жұмыстарын жүргізді. Автосаты арқылы төртінші қабаттан үш адам құтқарылды, оның ішінде екі бала. Кіреберістен 10 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 28 адамы мен алты техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 05:55-те сөндірілді. Өрт сөндіру басшылары мен жеке құрамның сауатты және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт қысқа мерзімде жойылып, тек азғантай жерге таралды.

Адамдар жарақаттануы мен қазасына жол берілген жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі отты абайсыз қолданудан болды (темекі шегу).

Хабар 24 телеарнасы