419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда BMW жүргізушісі блокпостта тұрған полицейді қағып кетті

  • 362
  • UPD: 18:18, 30.04.2020
Алматыда BMW жүргізушісі блокпостта тұрған полицейді қағып кетті

Алматыда BMW көлігінің жүргізушісі блок постта тұрған полиция қызметкерін қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға бүгін Медеу ауданында болған.

«Талғар тас жолымен келе жатқан BMW көлігі №13 блокпостта қызметін өтеп тұрған полиция қызметкерін соқты. Полиция қызметкері дін аман. Көлікті тізгіндеген 77 жастағы ер адамға қатысты ҚР ӘқбК 610-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл іс Медеу аудандық ПБ өндірісінде жатыр», - деді ПД баспасөз қызметінен.

Хабар 24 телеарнасы