419,78 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда газ баллон сақтайтын қойма өртенді

  • 427
  • UPD: 16:21, 01.05.2020
Алматыда газ баллон сақтайтын қойма өртенді

Алматыдағы Жетісу ауданында орналасқан газ баллоны қоймасынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, 2020 жылдың 1 мамырында сағат 14:32-де Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне Жетісу ауданы, Ратушный көшесі, 78 «Б» мекен-жайында қойма өртеніп жатқаны туралы хабар түсті.

Өрт сөндірушілер қазір оқиға орнында.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер сағат 14:44-те жетті. «ЛТ» ЖШС аумағындағы газ қоймасы мен газ тарату станциясы жанып жатыр екен. Қоймада 50 және 25 литрлі газ баллондары сақталған. Бірнеше рет жарылыс болды. Шұғыл әрекеттің арқасында өрттің шамамен сыйымдылығы 100 текше метр болатын газ цистернасы мен жақын маңдағы тұрғын үй секторына өршуіне жол берілген жоқ»,– деді Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының майоры Денис Ярцев.

Қызыл жалын оқшауланды. Өрт 150 шаршы метр жерді шарпыған.

Хабар 24 телеарнасы