431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда толассыз жауған жаңбыр жолды шайып кетті

  • 376
  • UPD: 19:18, 02.05.2020
Алматыда толассыз жауған жаңбыр жолды шайып кетті

Алматыда жолды су шайып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Медеу ауданындағы Алмалық көшесінде толассыз нөсер салдарынан ұзындығы 16, ені 5 метрлік жарықшақ пайда болды. Ағын су өткізетін арық болмағандықтан, жолды жиектеп аққан қоймалжың төмендегі Ерменсай өзеніне құйылған. Ал опырылған жол бөлігіне таяу маңда жеке тұрғын үйлер мен коммуникациялық желілер бар. Қазір бұл аумақ қоршалып, полиция күзет қойды. Енді қала әкімінің тапсырмасымен қажетті құжаттар әзірленіп жатыр. Дайын болысымен жолды қалпына келтіру жұмыстары басталады.

Хабар 24 телеарнасы