Қызылорда облысында фура мен КАМАЗ көліктері соғысып қалды.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық магистралімен келе жатқан фура Қармақшы ауданының «3-ші Интернационал» ауылы маңына келгенде дөңгелегі жарылып, қарсы бағытқа шығып кеткен.
Сол мезетте өзге жүк көлігімен соқтығысады. Алдын ала мәліметтер бойынша Камаздың жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. Қазір мамандар істің анық-қанығын анықтап жатыр.