425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада өртеніп жатқан үй ішінен әкесі мен баласы құтқарылды

  • 372
  • UPD: 21:26, 04.05.2020
Қызылордада өртеніп жатқан үй ішінен әкесі мен баласы құтқарылды

Қызылордада тұтастай өртеніп жатқан үйден әкесі мен баласы құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өршіген жалын салдарынан үйден шыға алмай қалған 21 жастағы жігіт денесінің 60%-ін күйік шалған. Ал, 46 жастағы азаматтың жарақаты жеңілдеу. Шақырту түскен бойда Белкөл кентіндегі мекенжайға 4 техникамен келген 13 құтқарушы қызыл жалын шарпыған үйден 50 литрлік газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды. Дегенмен, төбесі қамыспен жабылған жер үй өшіру шараларына ырық бермей, толық жанып кетті. Қазіргі таңда мамандар өрттің тұтану себептерін анықтап жатыр. Күйік шалып, емдеу мекемесіне жеткізілген тұрғындардың бірі ауруханадан шығарылды. Ал екіншісі дәрігерлер бақылауында. Жалпы жыл басынан бері облыста 174 өрт оқиғасы тіркеліп, бес адам жарақат алса, 4 адам қаза тапқан.

Нұрсұлтан Ибрагимов, облыстық ТЖД өрт сөндіру авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы:

- Шамамен аумағы 10/7 тұрғын үй толығымен жанып жатқандығы анықталды. Өрттің шығу себебі анықталуда. Болжаммен газ баллонды техника қауіпсіздігін сақтамау салдарынан деп болжап отырмыз. Қазір өрт зертханасы жұмыс жасауда.

Хабар 24 телеарнасы