Атырау облыстық полиция департаменті бастығының орынбасарынан коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Полиция қызметкері Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнына іссапармен барған. Облыс орталығына келген бойда тапсырған тест оң нәтиже көрсеткен. Індет жұқтырған шендінің көлік жүргізушісінен де вирус анықталған.
Айта кетейік, өңірде 5 полиция қызметкері COVID-19 жұқтырып алған.