431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдағы блокпостта жүк көлігі полицейді қағып кетті

  • 387
  • UPD: 12:03, 07.05.2020
Оралдағы блокпостта жүк көлігі полицейді қағып кетті

Оралда «ГАЗель» автокөлігі блокпостта тоқтамастан полиция қызметкері зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәліметінше, оқиға 6 мамыр күні сағат 14:00-де Желаев кентіндегі №9 блокпостта болды.

Бәйтерек ауданы Трекин ауылында тұратын 1986 жылғы жүргізуші блокпосттың шлагбаумынан өтер кезде полиция кіші лейтенанты Ақжол Ізбасаровтың тоқтау жөніндегі заңды талабына бағынбаған. Соның салдарынан полиция қызметкерінің сол жақ табанын басып кеткен. Содан кейін облыстық аурухананың жарақат пунктіне жеткізілген А.Ізбасаровқа сол жақ табаны көгерген деген диагноз қойылып, дәрігер қарағаннан кейін үйіне жіберілді.

«Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабына (жүргiзушiнiң адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан жол жүрісі ережелерін бұзуы) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды» деді Б.Болатбеков.

Айта кетейік, 23 жастағы А.Ізбасаров ішкі істер саласында 2018 жылдан бері қызмет атқарып келеді.

Хабар 24 телеарнасы