425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жезқазғанда полицейлер балконнан секірмек болған әйелді құтқарып қалды

  • 415
  • UPD: 11:05, 11.05.2020

Жезқазған қаласында суицид жасамақ болған әйелді тәртіп сақшылары құтқарып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Ал Алматыда екі автобустың соқтығысуы салдарынан бір адам зардап шекті. Қарағандылық өрт сөндірушілер жеке үйдің ауласындағы отты өшірді. Өткен тәулікте елімізде болған осы және өзге де оқыс оқиғалар жайлы алдағы минутттарда айтылады.

Жезқазған қаласында полиция қызметкерлері 33 жасар тұрғынды ажалдан арашалап қалды. Белгісіз жанның балконнан секіргелі жатқаны жайлы хабар қалалық полиция басқармасына таңғы 06-00-да келіп түседі. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары көпқабатты үйдің төртінші қабатынан аяғын салбыратып отырған мас әйелді көреді. Криминальды полиция бөлімі қызметкерлерінің бірі әйелді әңгімеге тартып, көңілін аулап тұрғанда, екіншісі көрші пәтердің терезесі арқылы балконға еніп үлгереді. Осылайша, құқық қорғаушылардың сауатты іс-қимылы арқасында  өмірмен қош айтысқысы келген жан құтқары

Алматыда екі автобус соқтығысып қалды

Алматы қаласында екі қоғамдық көлік соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасы Тимирязев және Манас көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, №79 нөмірлі автобус батыс бағытқа бара жатқан. Манас көшесінің бұрылысында келгенде көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Тимирязев көшесі бойымен шығысқа қарай бет алған № 124 маршруттағы автобусты соққан. Соның салдарынан көліктердің жанындағы айналары мен әйнектері сынып, бір жолаушы жарақат алған. Жедел жәрдем көлігі келіп, алғашқы медициналық көмек көрсеткен соң, зардап шеккен әйел ауруханаға жатудан бас тартқан. Қазір жол полициясының тергеушілері оқыс оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.

Қарағандыда жеке тұрғын үйдің ауласында өрт шықты

Қарағанды қаласында жеке тұрғын жайлардың бірінде өрт шықты. Терешкова атындағы көшедегі №14 үйдің отқа оранып жатырғаны туралы қоңырау өрт сөндіру қызметіне кешкі 17-00-дерде келіп түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жеткенде жеке үйдің ауласындағы екі гараж бен монша, өзге де шаруашылық ғимараттардың шатыры жанып жатқан болатын. Жалынның қызыл тілі 80 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жауды тізгіндеуге  4 арнайы техника жұмылдырылып, өрт 33 минутта өшіріліпті. 

Хабар 24 телеарнасы