418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында балконнан құлаған бала аман қалды

  • 195
  • UPD: 18:57, 12.05.2020
Қостанай облысында балконнан құлаған бала аман қалды

Екі жасар бала ересектердің қарауынсыз қалып, балконнан құлады.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сәби терезенің москитті торына сүйеніп ойнаған. Кейін тор салмаққа шыдас бермей, сәби бесінші қабаттан гүлдер егілген үйме топырақ үстіне құлаған. Осылайша жұмсақ топырақ баланың өмірін сақтап қалды. Балақай Жітіқара аудандық ауруханасына жеткізілді.

Тексеру жүргізген дәрігерлер оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрмағанын растады.

Авторы: Данияр Сұлтан

Хабар 24 телеарнасы