405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада әйел ұрлаған күдікті қолға түсті

  • 156
  • UPD: 14:35, 13.05.2020
Елордада әйел ұрлаған күдікті қолға түсті

Нұр-Сұлтан қаласында бұрын бірге тұрған әйелін ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Полицияның хабарлауынша, 6 мамыр күні Жедел басқарма орталығының 102 пультіне қала тұрғыны 27 жастағы қызын ұрлап кетті деп хабарласқан.

Анасының айтуынша, қызының бұрын бірге тұрған ер адамы оның пәтеріне заңсыз кіріп, күш көрсету мен қорқыту арқылы қызын алып, автокөлігімен белгісіз бағытқа тайып тұрған. Жедел іздестіру шарасы аясында бұрын сотталған 1990 жылы туған азамат Сығанақ көшесіндегі үйдің ауласында ұсталды.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК «Адам ұрлау», «Қорлау», «Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу полиция департаменті басшысының бақылауында болады», - деп атап өтті ведомство.

Хабар 24 телеарнасы