427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда тұрғын үйдегі өрттен 32 адам эвакуацияланды

  • 327
  • UPD: 12:45, 14.05.2020
Павлодарда тұрғын үйдегі өрттен 32 адам эвакуацияланды

13 мамырда Павлодар қаласындағы Катаев көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Өрт туралы хабарлама сағат 14:47-де келіп түскен. Үшінші қабаттағы бір бөлмелі пәтер мен балконда үй жиһаздары, тұрмыстық техника, киімдер өртенді. Жалын төртінші және бесінші қабатта орналасқан пәтерлерге тарап кетті. Тілсіз жаумен күреске №3 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шыққан. Құтқарушылардың өртті он бес минуттың ішінде сөндірді. Газ-түтіннен қорғау қызметкерлері отыз екі адамды қауіпсіз жерге көшірген, оның ішінде алты бала бар.

Павлодар қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ренат Валишановтың мәлімдеуінше, өрттің шығуына салғыртық себеп болған.

Жалын 19 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазіргі кезде өрттен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы