419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада қызметтік автокөлікте ұйықтап жатқан полицейлер жұмыстан шығарылды

  • 395
  • UPD: 19:01, 14.05.2020
Қызылордада қызметтік автокөлікте ұйықтап жатқан полицейлер жұмыстан шығарылды

Қызылордада бүгін әлеуметтік желі беттерінде кеңінен талқыланған қызметтік автокөлік ішінде ұйықтап жатқан екі полиция қызметкері жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған видео бүгін 14 мамырда Whatsapp арқылы тарады. Онда қызметтік автокөлік ішінде ұйықтап жатқан екі полиция қызметкері көрсетілген. «Аталған бейнежазба бойынша Қызылорда облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді. Жедел түрде департаменттің тәртіптік кеңесінде әдеп кодексінің талаптарын бұзған екі қызметкердің және оларға тікелей жетекшілік жасайтын басшыларының жауапкершілігі қаралды. Тәртіптік кеңес шешімімен Қызылорда қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар қызметкерлердің тікелей басшыларына қатаң тәртіптік жаза қолданылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Хабар 24 телеарнасы