431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда нөсерден көшелер мен аулаларды су басты

  • 253
  • UPD: 15:21, 15.05.2020
Алматыда нөсерден көшелер мен аулаларды су басты

Қазірдің өзінде Алматыны су алып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

15 үйдің ауласына су кірген деген мәлімет жетті. Сондай-ақ екі көп қабатты тұрғын үйдің жертөлесін су басып қалған екен. Біраз көше көлкіп тұр. Мамандар «арықтар тазаланбаған, сондықтан осындай жағдайға душар болып отырмыз», дейді. Кеше қалада қатты жел тұрды. Сөйтіп, 11 ағашты құлатып кеткен. 8 көлікті басып қалды. Алматының кенже аудандарында жағдай қиын. Құтқарушылар бір күнде 840 текше метр су сорған.

Ерлан Әлібеков, ТЖД басшысының орынбасары:

- Кешегі күннің өзінде Алматы қаласында 28 милиметр жауын-шашын жауды. Айлық норма 106 милиметр. Сонда қарайтын болсақ, айлық норманың 1/3 бөлігі кеше бір күннің ішінде жауған болатын. Жалпы 107 адам, 27 техника, 9 мотопомпа жұмыс істеді. Қазіргі кезде жұмыстар толығымен аяқталды. Халыққа ешқандай қауіп жоқ. Бәрі бақылауда ұсталынып отыр.

Хабар 24 телеарнасы