399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада есірткі саудалаған күдікті қолға түсті

  • 108
  • UPD: 15:22, 15.05.2020
Қызылордада есірткі саудалаған күдікті қолға түсті

Полиция оның үйінен бір келі гашиш пен 156 грамм марихуана тауып алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдікті есірткіні газет қиындыларына орап, пластик құтыларға жасырып қойған. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Есірткі сатқан адам тергеліп жатыр.

Ерболат Тұрахметов, ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы:

- 2020 жылдың 4 айында барлығы 187 есірткі құқықбұзушылығы анықталса, оның 5 дерегі есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау, 11 дерегі есірткі сату және 168 есірткі қылмыстық теріс қылықтары анықталған. Заңсыз айналымнан 57 келі есірткі заты тәркіленген.

Хабар 24 телеарнасы