432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда мемлекеттік қызметкерлер 11 жастағы қызды ажал аузынан құтқарып қалды

  • 385
  • UPD: 08:25, 16.05.2020

Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің қызметкері Досұлан Босынов пен заң бөлімінің басшысы Наталья Дёрова жанып жатқан үйден баланы алып шығып, ерлік көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ бір адам қаза тапты.

Жер үй күндізгі сағат 4-терде тұтанған. Шатырдан шыққан түтінді сол жақта жұмыстарымен жүрген әкімдік қызметкерлері Досұлан Босынов пен Наталья Дёрова көріп, бірден көліктен түсті.

Досұлан Босынов, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының м.а:

– Терезе қалың. Балғамен екі рет ұрып сындырдым. Кім бар дегенімде, қыз шықты. Наталья екеуміз терезеден шығарып алдық. Түк көрінбейтін көк түтін тұрды.

Наталья Дёрова, қалалық әкімдік аппараты заң бөлімінің басшысы:

- Сол сәтте шынымды айтсам, өзімізді ойламадық. Көз алдымызда қыз тұрды. Көмектесу керек болды.

Өкінішке қарай, тілсіз жаудан үйде болған оның 63 жастағы ағасы қаза тапты. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, көмекке келген адамдар болмағанда қыз бала да бақилық болуы мүмкін еді. 

Нұрлан Құлбаев, облыстық ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы:

- Ер адам санаулы секундта көк түтінге тұншығып, есінен танып қалған. Бір баллон жарылды. Қазір өрттің нақты себебі анықталып жатыр.

Өрт сөндірушілер келгенде үйдің шатыры жанып жатқан. Тілсіз жау 8 минутта ауыздықталды. Ал қырағылық танытқан мемлекеттік қызметкерлер марапатқа ұсынылмақ.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы