405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда 1 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті

  • 138
Атырауда 1 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті

Атырау облысында 1 жасар бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға кеше, 16 мамырда сағат 18:00 шамасында Мақат ауданының орталығында болған. «Болашақ» шағын ауданындағы 3 қабатты үйдің 2-қабатындағы пәтер терезесінен 1 жастағы бала құлап кеткен. Терезеден құлаған балақай облыстық балалар ауруханасына жатқызылған. Қазір оның жағдайы ауыр. «Оқыс оқиғаға баланы қараусыз қалдыру себеп болып отыр. Облыста жыл басынан бері осындай 2 оқиға тіркелді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы